ПРАВИЛА
2025 жылғы 21 тамыздан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздіктің жаңартылған талаптары қолданысқа енгізілді. Ережеге сәйкес, тексеру кезінде алынған заттар әуежайларда сақталмайды.
Жаңа талаптарға сәйкес, ұшар алдындағы тексеріс кезінде тәркіленген заттар әуежайда сақталмайды. Тасымалдауға тыйым салынған заттар жолаушымен бірге келген адамдарға қайтарылады немесе заңда белгіленген тәртіппен жойылады.
Жезқазған әуежайы жолаушыларға тыйым салынған заттардың толық тізімімен алдын ала танысып шығуды ұсынады. Ол ақпарат әуе компаниялары мен әуежайлардың ресми сайттарында, тіркеу орындарында және тексеру аймақтарында қолжетімді.
Еске саламыз: сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер тек 100 мл-ден аспайтын ыдыстарда тасымалданады. Ал зауыттық қаптамасы жоқ тағамдар (бал, тосап, сүт өнімдері, үйде дайындалған тағамдар және т.б.) ұшақта тасымалдауға жіберілмейді. Мұндай заттар алынып, жойылады.
Толық ақпарат: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033197
С 21 августа 2025 года во всех аэропортах Казахстана начали действовать обновлённые требования авиационной безопасности. Согласно новым правилам, предметы и вещества, изъятые у пассажиров при предполётном досмотре, не подлежат хранению в аэропорту.
Изъятые вещи, признанные несоответствующими нормам безопасности, могут быть переданы сопровождающим лицам. В противном случае они будут утилизированы в установленном порядке.
Аэропорт г. Жезказгана рекомендует пассажирам заранее знакомиться с перечнем запрещённых предметов на официальных сайтах авиакомпаний и аэропортов, а также в информационных зонах на стойках регистрации и в пунктах досмотра.
Напоминаем, что жидкости, аэрозоли и гели допускаются в ручной клади только в ёмкостях объёмом не более 100 мл., а также к перевозке не допускаются продукты без заводской упаковки — такие как мёд, варенье, молочные изделия, домашние заготовки и др. Все подобные предметы будут изъяты и утилизированы.
Полный список предметов, запрещённых к перевозке на воздушных судах, доступен по ссылке: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033197



